386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Беларусь сарапшылары валюталардың құнсыздануына алаңдаулы

  • 395
Беларусь сарапшылары валюталардың құнсыздануына алаңдаулы

Беларусь Ұлттық банкі бүгін ұлттық валютаның жаңа бағамын жариялады.

Енді бір АҚШ доллары беларусьтік 2 рубль 11 копейка тұратын болды. Жергілікті ақша күннен күнге құнсызданып барады. Жыл басынан бері АҚШ долларына шаққандағы бағамы 7 пайызға арзандаған. Сарапшылардың бірсыпырасы «бұл қатты уайымдайтын жайт емес» десе, келесі бір тобы алаңдауға негіз бар екенін айтады. Бірақ қалыптасқан жағдайға көршілес Ресейдегі ахуал әсер етті дегенмен, пікірді барлығы бірауыздан қуаттап отыр. Соңғы күндері Ресейдің қор нарығында Газпром, Аэрофлот сынды алып компаниялардың акциялары арзандап, рубль 10 пайызға құнсызданған.

Вадим Иосуб, қаржылық компанияның экономикалық сарапшысы:

– Доллар дамушы елдердің валюталарына қарағанда қымбаттады. Ресей рублі, қазақ теңгесі, украина гривнасы, түрік лирасы мен көптеген өзге валюта құнсызданып барады. Дамушы елдер валюталарының долларлық бағамының төмендеу үрдісі жалғаса берсе, Беларусьтегі жағдай тұрақталмайды.

Хабар 24 телеарнасы