386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда өтетін саммитте Идлиб аймағындағы жағдай талқыланбақ

  • 387
Иранда өтетін саммитте Идлиб аймағындағы жағдай талқыланбақ

Иран астанасында «Ресей-Түркия-Иран» атты үшінші саммит өз жұмысын бастады.

Ресей Федерациясы Президентінің көмекшісі Юрий Ушаковтың мәліметінше, үш елдің басшылары Сирияның Идлиб аймағындағы жағдайды талқыға салмақ. Бұл аймақ содырлар жайлаған өңір саналады. Опозицияның 10 мың қарулы әскерінен бөлек, бұл елді мекенде араб республикасының өзге өңірлерінен келген жарты миллионға жуық босқын тұрады. Әр түрлі мәліметке сәйкес, қазір Идлибте 3,5 миллион адам өмір сүреді. Сарапшылардың пікірінше, аймақтағы жағдайдың бақылауға алынуы Сириядағы азаматтық соғысты тоқтатуы мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы