384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Селфичино. Селфиді ұнататындарға арналған кофе сатылымға шықты

  • 553
  • UPD: 21:49, 07.09.2018

Өз суретіңіз салынған кофе ішкіңіз келе ме?

Австралияда тұтынушыларға осындай қызмет көрсетіледі. «Селфи-кофе» немесе «селфичино» деп аталатын сусынға сатып алушының бейнесі түсіріледі. Тың бастаманы қолға алған дәмхана қожайыны Анжела Вангтың айтуынша, кофе көбігіне сурет салу қиын емес. Сатып алушы селфиге түсіп, суретті арнайы бағдарламаға жүктейді. Ал телефонға жүктелген бағдарлама арнайы тамақ принтеріне қосылған. Осылайша, кофе дайын болғаннан кейін тамақ принтерінің көмегімен сүтті көбікке сурет салынады. 

Лана Джаксон, тұтынушы:

– Сурет өте әдемі шыққан. Мен ойлағаннан да асып түсті. Кофедегі суреттің шынайылығына таң-тамаша болып отырмын.

Глория Джордано, тұтынушы:

– «Кофе бетіне сурет түсіру – керемет идея. Мұндайды бұрын көрмеппін.

Хабар 24 телеарнасы