389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Былтыр Қытай мен Еуропа арасындағы жүк айналымы 80 пайызға өскен

  • 442
Былтыр Қытай мен Еуропа арасындағы жүк айналымы 80 пайызға өскен

Ресей Батыс Еуропа-Батыс Қытай көлік дәлізіндегі өз бөлігінің құрылысын 2024 жылға дейін аяқтауды жоспарлап отыр.

Тұтас жолдың ара қашықтығы 8 мың шақырымнан асады. Қазақстан мен Қытайдағы бөлігі дайын, ал Ресей жағы едәуір артта қалған. Жалпы Былтыр Қытай мен Еуропа арасындағы жүк айналымы 80 процентке өскен.

Дмитрий Журавлев, аймақтық мәселелер институтының бас директоры:

– Жолдың бізге тиесілі бөлігі әлі дайын емес. Мұның екі себебі бар. Біріншіден, жобаның кең ауқымы, жолдың басым бөлігі Ресей арқылы өтеді. Екіншіден, кезек күттірмейтін өзге міндеттер болған. Қазіргі кезде олар орындалды, енді жолдың ресейлік бөлігінің құрылысы қарқын алады деп ойлаймын. Бұл жолдың әлеуеті зор, АҚШ нарығын игерген қытайлықтар енді Еуропаға да көп тауар жіберуді армандайды. Ал оған тек үш жол барады. Бұл Жібек жолы деп аталатын осы теміржол жобасы, екіншісі – Солтүстік теңіз жолы және Африканы айналып өтетін жол. Бірақ ол тым ұзақ әрі қымбат.

Хабар 24 телеарнасы