387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сербия-Косово келіссөзі өтпей қалды

  • 419
Сербия-Косово келіссөзі өтпей қалды

Еуроодақ дипломатиясының жетекшісі Федерика Могерини Сербия президенті Александр Вучич және Косово басшысы Хашим Тачимен екіжақты кездесулер өткізді.

Онда шекара мәселесі талқыланған жоқ. Белград пен Приштина арасында қатынастарды реттеуге бағытталған үш жақты келіссөздер өтпей қалды. Федерика Могерини енді БҰҰ Бас Ассамблеясындағы министрлер апталығы қарсаңында Сербия мен Косово арасын реттеу бойынша жаңа келіссөз ұйымдастырмақ. Ол «Күн тәртібінде болған бүкіл мәселе бойынша келіссөздердің бірнеше кезеңін өткіздім. Әлі де қиындықтар бар. Дегенмен екі президенттің осы істі жалғастыруға ниетті екеніне және алдағы айларда қатынастарын толық реттейтін келісімге жететіне сенемін деп мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы