384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мысырда 75 лаңкес өлім жазасына кесілді

  • 416
  • UPD: 11:25, 09.09.2018

Каирдің қылмыстық істер жөніндегі соты «Ағайынды мұсылмандар» лаңкестік ұйымының 75 мүшесін өлім жазасына кесті.

Оларға «2013 жылы құқық қорғау күштеріне шабуыл жасады» деген айып тағылған. Үкім бойынша, тағы 46 содыр өмір бойына бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Рейтер агенттігі хабарлады. Елдегі бас муфти осындай үкім шығарып отыр. Қазір ұйымның барлық мүшесі қамауда. Оларға «мемлекет ұстанымына қайшы келетін әрекет жасап, бүлік шығармақ болды» деген айыптар тағылған. Айта кету керек, бұл – Египет билігінің ұйым мүшелерін өлім жазасына алғаш рет кесуі.

Хабар 24 телеарнасы