378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мехико базарында саудагерлер опера сазының тылсым әуеніне бөленді

  • 243
  • UPD: 08:08, 11.09.2018

Мехикодағы базарлардың бірінде опера әншілері ән салып, жұрттың ерекше ықыласына бөленді.

Саудагерлер мен сатып алушы кейпіндегі өнерпаздар әйгілі опералардың бірнеше ариясын орындады. Әншілердің мақсаты – базардағы күйбең тірлікке әр беріп, тұрғындардың операға деген сүйіспеншілігін ояту. Себебі қарапайым Мексика халқы операны ақсүйектерге арналған өнер түрі деп таниды. Алайда өнерпаздар бұл ойды теріске шығармақ. Сондықтан, олар мұндай қойылымдарды күздің аяғына дейін ұйымдастырады. Келесі қойылым метро станциясында өтпек. Опера майталмандары бұл жобаны келер жылы да жалғастырмақ ниетте.

Марта, саудагер:

- Адамдар операны түсіне бермейді. Іш пыстыратын өнер деп ойлайды. Ал мұнда әншілер ән шырқай бастағанда үй-ішімен базар аралап жүргендердің барлығы тоқтап, ықыласпен тыңдады. Тіпті адамдар көптеп жинала бастады. Классикалық музыканың өміршеңдігі қуантады. 

Данте Алькала, опера әншісі:

- Адамдар операны кез келген жерде тыңдамайды. Сондықтан базарда орындалғаны ерекше әсер қалдырады. Біз үшін өнердің бұл жанрын насихаттау үлкен мәртебе.

Хабар 24 телеарнасы