384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нигерияда газ жарылысынан 35 адам қаза тапты

  • 296
  • UPD: 10:36, 11.09.2018

Нигерияда газ танкері жарылып, кем дегенде 35 адам ажал құшты.

Рейтер ақпарат агенттігі тағы жүздеген адам жарақат алғанын хабарлайды. Оқиға Насарава штатының орталығындағы жанармай құю бекетінде орын алған. Өртті ауыздықтау үшін өрт сөндірушілер мен құтқарушылар жұмылдырылды. Қазір жойқын жарылыстың себебі анықталып жатыр. 

Далхату Догара, Насарава штатының офицері: 

- Ондаған адамның өмірін қиған жарылыстың себебін анықтап жатырмыз. Істің мән-жайы белгілі болғаннан кейін ақпарат құралдарында жария етеміз.

Хабар 24 телеарнасы