387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ауғанстанда жарылыстан қаза тапқандар саны артты

  • 298
  • UPD: 16:38, 12.09.2018
Ауғанстанда жарылыстан қаза тапқандар саны артты

Соңғы ақпаратқа сәйкес, Ауғанстанда болған лаңкестік әрекеттен қаза тапқандардың саны 68-ге жетті.

Билік өкілдері бұл сан әлі де артуы мүмкін екенін айтады. Себебі тағы 168 адам түрлі деңгейдегі жарақат алған. Жанкешті Нангархар өңірінде ереуілге шыққандардың арасында өзін өзі жарып жіберген. Айта кету керек, ереуілдеткен тұрғындар полиция командирін қызметінен аластатуды талап еткен. Жарылысты әзірге Ауғанстанның ешбір лаңкестік тобы мойнына алған жоқ. Тәліптер бұл іске қатысы жоқ екендіктерін мәлімдеді.

Хабар 24 телеарнасы