379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Реалдың» дәрігері Роналдудың сырын ашты

  • 335
«Реалдың» дәрігері Роналдудың сырын ашты Buro 24/7

Криштиану Роналдумен жұмыс істеген мадридтік «Реалдың» дәрігері Хуан Карлос Эрнандес пен «Манчестер Юнайтед» клубының медициналық қызметкері Мик Клегг португалиялық футболшының жетістікке жету сырының неде екенін айтты, – деп хабарлайды Calciomercato.

«Роналдудың жетістікке жетуінің үш негізі: дұрыс жаттығу, дұрыс тамақтану және дұрыс демалу», – дейді Эрнандес.

Ал Клеггтің сөзінше, шабуылшы мен өзге футболшылар арасындағы басты айырмашылық – мамандығын сүю. «Роналду ісіне берілген, бар сыры осы. Ол ешқашан тоқтамайды», – деп атап өтті ол.

2018 жылдың шілдесінде Роналду «Ювентусте» медициналық тексеруден өткен. Оның қорытындысы бойынша футболшының денсаулығы 20 жастағы жігіттікімен тең болған. Спортшының ағзасында майдың үлесі жеті пайыз ғана, әдетте бұл көрсеткіш 10-11 пайызды құрайды.

Ақпарат көзі: vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы