389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия әскері Идлиб пен Хамадағы қарулы топтарға шабуылды бастады

  • 319
  • UPD: 10:58, 14.09.2018
Сирия әскері Идлиб пен Хамадағы қарулы топтарға шабуылды бастады

Сирия үкімет әскері Идлиб пен Хама аймағындағы қарулы топтарға қарсы шабуылды бастады.

Үкімет жасақтары Хама қаласына жақын жердегі Масана ауылының қасында «Джейш-әл-Изза» тобына соққы берді. Ал Идлиб аймағында үкімет әскерінің тағы бір бөлігі «Джабхат ан-Нусра» тобының негізінде құрылған лаңкестік топтың бекіністерін бақылауына алып «Абу-эд-Духур»  әуежайына қарай жылжыды. Сонымен қатар осы өңірдегі Эт Тама-ниа қаласына бекінген содырларына соққы берді. Ал лаңкестік топтар Алеппо қаласын зымыранмен атқылады. Шабуылдың нәтижесінде 1 бала қаза тауып тағы 13 адам жарақат алды. Әскерилердің айтуынша, бұл аймақтағы содырларға қару-жарақ көрші Идлиб аймағынан жеткізілуде.

Айта кетейік, Идлиб аймағы Сириядағы оппозициялық күштер мен лаңкестік топтардың бақылауында ұстап отырған соңғы өңір болып отыр. Әскерилердің айтуынша, олар Идлиб қаласының маңына шептерін құрып бекінген. Ал БҰҰ соғысушы тараптардан өңірде ауқымды қарулы қақтығысты болдырмауға шақырып отыр. Себебі әскери қимылдар 3 миллионға жуық халқы бар аймақты гуманитарлық дағдарысқа әкеледі.

Хабар 24 телеарнасы