389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда полицей жолдағы кептелісті билеп реттейді

  • 400
  • UPD: 11:35, 14.09.2018

Кхандал биі дейсіз бе, Пратап Чандраның көңіл күйі дейсіз бе. Қысқасы, Үндістанның Бхубанешвар қаласында көліктер кептелісі би қимылымен реттеледі екен.

Жол сақшысы Пратап Чандра жүргізушілердің назарын өзіне осылайша аударуды жөн санапты. Ол жылдар бойы жолдағы тәртіпті қадағалаумен айналысып келген. Өнерге жаны жақын сақшы таяуда жолды реттеудің тек өзіне тән тәсілін ойлап тауыпы. Сондағы мақсат - елдің көңілін көтере отырып, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жалпы Үндістан жолдарындағы кептелісті қадағалау оңай шаруа емес. Себебі адам мен көлік санының көптігі онсыз да нашар жолдағы жағдайды күрделендіреді. Мысалы, 2016 жылы ғана Үнді елінде жол апатынан көз жұмғандар саны 150 мыңға жеткен. Үнділік жол сақшысы «жағдайды сәл де болсын өзгертуге септігімді тигізсем» дейді. 

Пратап Чандра Кхандал, жол сақшысы:

- Еріккеннен билейді дейсіз бе, ешкім де жолдағы қауіпсіздік ережесін сақтауға асықпайды. Соларды сергіту үшін осындай амалға бардым. Бұған дейін біздің нұсқауларға көптеген жүргінші де, жүргізуші де мән бермейтін. Өзімше тығырықтан шығар жол іздедім.  Қазір көлік жүргізушілері маған бағынатын болды.

Хабар 24 телеарнасы