389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Чехиядағы зообақта жетім қалған балапандар жүруді үйреніп жатыр

  • 372
  • UPD: 12:29, 14.09.2018

Прага зообағының қызметкерлері жетім қалған фламинго балапандарын жүруге үйретіп жатыр.

Ол үшін серуенге күн сайын шығады. Балапандардың дүниеге келгеніне шамамен 3-4 апта болған. Мамандардың айтуынша, олар серуендеп қана қоймайды, осылайша бұлшық еттерін қатайтып, басқа фламинголарға бейімделе бастайды. Өйткені бұл құс түрі топ болып өмір сүреді. Балапандарды бірге аулаға шығару келешекте олардың үлкен тұқымдастарынан жатсынбауына үлкен септігін тигізеді.

Хабар 24 телеарнасы