389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оңтүстік Кореяда сотталғандардың 50%-ы мерзімінен бұрын босатылмақ

  • 358
  • UPD: 23:58, 14.09.2018
Оңтүстік Кореяда сотталғандардың 50%-ы мерзімінен бұрын босатылмақ Lenta.ru

Оңтүстік Корея билігі түрмелер толып кетпес үшін қамауда отырған бірнеше мың адамды мерзімінен ерте босатпақ.

Бұл туралы елдің әділет министрі Пак Сан Ги мәлімдеді. Оның айтуынша, былтыр ауыр емес қылмыс үшін сотталғандардың 26%-ы, яғни 8 мыңнан астам адам мерзімінен ерте босатылған. Осы көрсеткішті 50%-ға дейін арттыру көзделіп отыр. Бұл мемлекеттің қылмыскерлерді қамтуға кететін бюджет қаржысын үнемдейді. Ал өзге азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қылмыскерлердің үйлері тәулік бойы бақыланады. Егер иесі үйінен шықса, бұл туралы ақпарат жедел басқару орталығына түседі. Адамдарды тонаған, кісі өлтірген және жыныстық сипаттағы қылмыс жасағандар да бақылауға алынады. Олар электронды білезік тағуға міндетті. Бұл құрылғы бүгінде жетілдіріліп, беріктігі үш есе артқан. Осыған дейін қылмыскерлердің оны тақпай жүрген жағдайлары да тіркелген еді. Сондай-ақ жәбір көрген адамдар да қорғалады. Олардың үйлеріне арнайы құрылғы орнатылып, білезік таққан адам 100 метр қашықтыққа жақындаса, ескертіп тұрады. Бұл ақпарат та жедел басқару орталығына түсіп тұрады.

Пак Сан Ги, Корея Республикасының әділет министрі:

- Соңғы 10 жылда жеткен жетістіктерімізге қарамастан, азаматтарымыздың қауіпсіздікке байланысты талаптары артып барады. Қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін электронды бақылауды барынша жетілдіруге тырысып жүрміз. Осы мақсатта төртінші өнеркәсіптік революцияның технологиялары қолданылған тың электронды құралдарды енгізу қажет.

Хабар 24 телеарнасы