384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Space X компаниясымен Айға самғайтын тұңғыш турист анықталды

  • 326
  • UPD: 16:10, 15.09.2018
Space X компаниясымен Айға самғайтын тұңғыш турист анықталды

АҚШ-тың Space X компаниясы өзінің Айға ұшатын алғашқы саяхатшысын таңдады.

Жолы болғыш туристің есімі әзірге құпия. Қазір компания басшысы онымен қажетті құжаттарды рәсімдеп, келісім-шартқа қол қойып үлгерген. Айта кетейік, ғарыш кеңістігіне ұшу тарихында АҚШ-тың 24 ғарышкері ғана Айға барып қайтқан. Соңғы рет 1974 жылы «Аполлон-17-нің» ғарышкері Айға аяқ басқан еді. Бүгінде бұл аспан денесі ең тартымды ғарыш туризміне айналмақ. Тіпті кей компаниялар алдағы уақытты айға қонақжай салып, туризмнің бұл түрін дамытпақ ниетте.

Хабар 24 телеарнасы