383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Пхеньянда қос Кореяның саммитіне қызу дайындық жүріп жатыр

  • 267
  • UPD: 15:25, 16.09.2018

Пхеньянда өтетін қос Кореяның саммиті қарсаңында Сеул Солтүстік Кореяға 93 адамнан құралған делегация жіберді.

Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Пхеньянға аттанған топ ауқымды шараның қаншалықты дайын екенін тексермек.

Естеріңізге салайық, Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея 18-20 қыркүйекте Пхеньянда Корея түбегін ядролық қарудан арылтудың нақты іс-қимылдарын талқылау үшін саммит өткізеді. Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын бұл бағытта Оңтүстік Корея және АҚШ-пен тығыз ынтымақтастық орнатуға әзір екенін білдірді. Әрі Дональд Трампқа деген сенімі «өзгермейтінін» және оның президент ретінде алғашқы өкілетті мерзімі аяқталғанға дейін екі ел арасындағы ұзаққа созылған жаулық қарым-қатынасты түбірімен өзгерткісі келетінін мәлімдеген.

Хабар 24 телеарнасы