384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Санкт-Петербургте зейнетақы реформасына қарсы шеру өтті

  • 401
  • UPD: 10:59, 17.09.2018

Ресейдің Санкт-Петербург қаласында үкіметтің зейнетақы реформасына қарсылық білдірген шеру өтті.

Наразылық акциясына 500-ден астам адам қатысты.

Шеру кезінде полициямен қақтығыс болып, 2 адам қамауға алынды. Ал шерушілер зейнеткерлік жасты ерлерге 60-тан 65-ке, ал әйелдерге 55-тен 60 жасқа дейін көтеруге наразы.  Еске сала кетейік, өткен аптада да осы реформаға қарсы елдің 80 қаласында наразылық шаралары өткен болатын. Ал Мемлекеттік Дума зейнетақы туралы заң жобасын әзірге тек 1-оқылымда қарастырды. Оны үкімет думаның қарауына 19 шілде күні ұсынған болатын. Ақпарат құралдарының хабарлауынша реформа халықтың наразылығын туғызып, президент Владимир Путиннің рейтингісі 15 пайызға дейін түсіп кеткен.

Людмила Васильева, шеруші:

- Балаларды қамап, зейнеткерлерді ұрып жатыр. Бұлай қашанғы жалғаса бермек. Балаларымызды қорғайтын күн туды емес пе. Ұрпағымызды жәбірлеуге жол бермеуіміз керек. Мен балаларым мен немерелерімнің болашағы үшін алаңдаймын.

Хабар 24 телеарнасы