386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мьянмада белсенділер сотталған журналистерді босатуды талап етті

  • 313
  • UPD: 11:42, 17.09.2018
Мьянмада белсенділер сотталған журналистерді босатуды талап етті

Мьянмада жүзден астам тілші мен белсенділер сотталған журналистерге қолдау көрсету мақсатында ереуілге шықты.

Наразы жұрт Рейтер ақпарат агенттігінің екі тілшісін Ва Лоун мен Киав Со Ооны босатуды талап етті. Олар Ракин штатында әскерилердің рохинджа мұсылмандарын қУғын-дағаны жөнінде материал әзірлегені және тілшілердің қолында мемлекеттік құпияға жататын деректер болғаны үшін айыпталып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Артынша полиция қызметкерлері мейрамханадан шыққан екі тілшінің қолына құпия құжаттар әдейілеп ұстатылғанын, яғни алдын ала жоспарланған әрекет болғанын мойындады. Ереуілшілер соттың бұл шешімі адамның ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі құқығын бұзды деп отыр. 

Тар Лон Зонг, наразылық акция ұйымдастырушысы:

- Үкіметтің айтуынша, біз демократиялық мемлекетке жатамыз. Алайда демократиялық принциптерге қарама-қайшы әрекеттер жасалынып отыр. Елімізде сөз бостандығы сақтала ма, жоқ па?

Бұған дейін Мьянманың мемлекеттік кеңесшісі Аун Сан Су Чжи тілшілердің ісі сөз бостандығына еш қатысы жоқ деп мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша, сотталғандар мемлекеттік құпияны ашқаны үшін айыпталды.

Хабар 24 телеарнасы