389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венгрия халқы премьер-министрге қарсы ереуілге шықты

  • 520
  • UPD: 14:05, 17.09.2018

Будапештте премьер-министр Виктор Орбанның саясатына қарсы 4 мыңға жуық халық ереуілге шықты.

Еске салсақ, жуырда Еуропарламент депутаты Джудит Саргентини Венгрияның Еуроодақтың демократиялық принциптерінен шығу қаупі бар екенін айтқан еді. Осы ретте Еуропарламент қарар қабылдаған. Құжатқа сәйкес, Венгрияны дауыс беру құқығынан айырды. Сондай-ақ сөз еркіндігі, мигранттар құқығының бұзылуы мен сот тәуелсіздігінің жағдайы нашарлағаны туралы сөз қозғалды.

- Біз Еуропа одағының тұрғынымыз. Еуропа құрамында қалғымыз келеді. Біз ғана Виктор Орбонды өз қызметінен тайдыра аламыз. Бұл өте маңызды. Өзім зейнеткер болсам да, балам өз болашағын венгрияда өткізбек.

Хабар 24 телеарнасы