386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сирия астанасында халықаралық сауда көрмесі өз жұмысын аяқтады

  • 402
  • UPD: 08:22, 20.09.2018

Сирия астанасы Дамаск қаласында халықаралық сауда көрмесі өз жұмысын аяқтады.

Көпжылдық тарихы бар Таяу Шығыстағы беделді жәрмеңкеге 50 шақты мемлекеттің өіклдері қатысқан.

Дамасктағы 60-халықаралық сауда көрмесіне Ирак, Ливия, Алжир, Иордания, Ливан мен Мысыр елдерінің импорттаушы компаниялары қатысқан. Олардың  басым бөлігі Сирияның тоқыма және азық-түлік салаларындағы кәсіпорындарымен серіктесуге мүдделі. Араб мемлекеттерімен қатар биыл көрмеге әлемнің өзге де аймақтарынан келген. Олардың қатарында Аргентина, Македония, Беларусь пен өзге де елдер бар.

Имад Абдалла Сара, Сирия ақпарат министрі:

- 60 жылдық мерейтой барысында Дамасктағы халықаралық көрмеге қазақстандық телеарнаның келгеніне өте ризамын. Бас қаламызда бейбітшілік орнағанын көріп тұрсыз. Көшелерде ұрыс жүріп жатқан жоқ.

Көрмеге тек кәсіпкерлер ғана емес, көрші елдердің қарапайым тұрғындары да қызуғышылық танытқан.

Далала Альбак, Ливаннан келген турист:

- Өзім Ливаннанмын, соғыс басталғалы мұнда алғаш рет келіп отырмын. Жалғыз өзім ғана емес бүкіл достарым да осында. Сирия елімен көрші тұратындықтан, осында бейбітшілік орнағанына өте қуаныштымын. Әзірше павильондарға да кірген жоқпын, айналаны аралап, қуанышқа бөленген адамдарға қарап жүрмін. Көршілеріміз соғыстан шаршады, оларға бейбітшілік керек.

Шахи Хусейн, Дамаск тұрғыны:

Дамаскта тұрамын, қазақстандық телеарнаның тілшілерін осында көргеніме қуаныштымын. Елімізде бейбітшілік орнатуға септігін тигізген келіссөздер Астанада өткені белгілі. Осы көмегі үшін Қазақстан халқына алғысым шексіз. Жеті жылға созылған қанды соғыстан кейін Дамаскта осы көрме өтіп жатқанына ризамын. Бұл біздің күшіміздің дәлелі. Дамаскқа қош келдіңіздер!

Бұл көрме тарихындағы ең ауқымды шара болған. Жәрмеңке ауданы 90 мың шаршы метрден асқан. Оның үштен бір бөлігін сириялық жекеменшік компаниялар алып жатыр. Олар жергілікті өнімдерді сыртқы нарыққа шығаруға ынталы. Сирияның инвестициялық ахуалымен таныстыру мақсатымен көрме аясында кәсіпкерлердің экономикалық форумы да өтті.

Авторлары: Ақмарал Баталова, Евгений Махметов

Хабар 24 телеарнасы