384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ердоған Түркия азаматтығын алғысы келетіндерге құжат рәсімдеуді жеңілдетті

  • 576
  • UPD: 08:22, 20.09.2018
Ердоған Түркия азаматтығын алғысы келетіндерге құжат рәсімдеуді жеңілдетті rbc.ua

Енді Түркия азаматтығын алғысы келетіндер бұған оңай қол жеткізетін болды.

Ел президенті Режеп Тайып Ердоған құжат рәсімдеуді жеңілдететін қаулыға қол қойды. Оған сай енді Түркияға көшіп барамын деушілердің негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 500 мың долларды құрауы тиіс. Бұрын бұл сома 2 миллион доллар болған еді. Сонымен қатар түрік банктерінде шетел азаматының жарты миллион доллар көлемінде мемлекеттік облигациясы мен банк салымы тұруы тиіс. Және тағы бір шарт: 250 миллион долларға жылжымайтын мүлік сатып алып, оны 3 жыл бойы сатылымға қоймауы керек. Осы талаптарды орындағандар Түркия азаматына айналады.

Айта кететін жайт, бұл шара биліктің елдегі экономикалық ахуалды тұрақтандыру әрекеттерімен тұспа-тұс келіп отыр. Биылғы жылдың қаңтар айынан бастап лира 40%-ға арзандап отыр. Дегенмен ресми Анкара Халықаралық валюта қорынан қайтадан несие алмайтынын алға тартып, шетел капиталдарына сенетінін айтты.

Хабар 24 телеарнасы