389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лондонда ұйқысы қанбай жүргендерге арналған қонақүй ашылды

  • 397
  • UPD: 09:22, 20.09.2018
Лондонда ұйқысы қанбай жүргендерге арналған қонақүй ашылды

Жұмыс кезінде ұйқыңыз қанбай, шаршап жүрген лондондықтар мәселенің шешімін тапқан сыңайлы.

Шаһарда Pop & Rest деп аталатын қонақүй ашылды. Оның ерекшелігі – жұмысбастылар бұл жерде көздің шырымын алып, 1 сағат демалып алады. Ол үшін барлық жағдай жасалған. Құлаққа жағымды әуен мен жұпар иіс кімнің де болсын көңілін шығады. Мұндай капсулада тынығамын деушілер 15 фунт төлейді. Жобаны іске асырушылардың айтуынша, қонақүйге келушілердің басым бөлігі фрилансерлер. Келешекте бұл бизнес Еуропа нарығына шығуы бек мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы