384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Буэнос-Айресте мыңдаған адам қымбатшылыққа қарсы ереуілге шықты

  • 334
  • UPD: 09:01, 21.09.2018
Буэнос-Айресте мыңдаған адам қымбатшылыққа қарсы ереуілге шықты

Аргентина астанасы Буэнос-Айрес қаласында мыңдаған адам коммуналдық төлемдердің қымбаттауына қарсы ереуілге шықты.

Олар ел билігінің қаржы саясатына наразы және президенттің отставкаға кетуін талап етіп отыр.

Айта кеткен жөн, бұған дейін жарық пен басқа да коммуналдық қызмет түрінің бағасы көтерілген болатын. Биліктің айтуынша, бұл шара қаржы дағдарысын еңсеру мақсатында жасалып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін ел президенті Маурисио Макри Халықаралық валюта қорынан 50 миллиард доллар қарызға алған болатын. Өткен айда елдің ұлттық валютасы 26%-ға құнсызданды. Сарапшылардың пікірінше, үкімет қолға алған шараларға байланысты келесі жылы елдегі жалпы ішкі өнім 1,3%-ға қысқаруы мүмкін. Бас көтерушілердің пікірінше, 2001 жылы Аргентинаның қаржы дағдарысына ұшырауына Халықаралық валюта қоры себеп болған. Сол кезде үкімет реформасы шетелдік инвестициялар ашып, жергілікті компаниялар құлдыраған болатын. Дағдарыстың зардабын халық әлі күнге дейін тартып отыр.

Хабар 24 телеарнасы