382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерландта пойыз электрокарды қағып, 4 бала көз жұмды

  • 227
  • UPD: 17:29, 21.09.2018
Нидерландта пойыз электрокарды қағып, 4 бала көз жұмды

Нидерландта пойыз балалар мінген электрокарды қағып, 4 бала қаза тапты.

Оқиға Осс қаласындағы теміржол үстінде болды. Шаһардағы балалар орталығының тәрбиешісі 5 баламен пойыз жақындағанда велосипед жолына түсіп, теміржолға шығып кетеді. Салдарынан 4 бала сол жерде көз жұмып, электрокарды басқарған тәрбиеші әйел мен 1 бала жарақат алды. Куәгерлердің айтуынша, оқиға болар кезде көліктерге арналған жол жабылып, шлагбауымның алдында 15 көлік күтіп тұрған. Ал жүргізуші әйел көліктің тежегіші ұстамай қалғанын айтады. Қазір оқиғаға қатысты тергеу жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы