387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Барселонада бірнеше мың адам наразылық акциясына шықты

  • 277
  • UPD: 14:13, 21.09.2018
Барселонада бірнеше мың адам наразылық акциясына шықты

Олар Каталонияның егемендігіне қатысты заңсыз референдумның өткізгені үшін тұтқынға алынған саясаткерлерді босатуды талап етті.

Шара Каталониядағы оқиғаның жылдығына орай ұйымдастырылды.

Еске салсақ, осыдан бір жыл бұрын Азаматтық Гвардия референдумды өткізуге байланысты тұтқындау операциясын іске асырған еді. Атап айтқанда, автономдық қоғамның экономика жөніндегі кеңесінде тінту жүргізілген. «Каталон ұлттық ассамблеясы» мен Òmnium Cultural. ұйымдарының басшылары Жорди Санчес пен Жорди Куишара бүлік шығарды деген айыппен тұтқындалды. Сонымен бірге, каталондық құқық қорғау органдарының басшылары да тергеуге алынған.

Хабар 24 телеарнасы