389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістан және АҚШ әскерилері бірлескен жаттығулар өткізіп жатыр

  • 505
  • UPD: 16:59, 21.09.2018
Үндістан және АҚШ әскерилері бірлескен жаттығулар өткізіп жатыр

Үндістанда осы елдің әскери жасақтары мен АҚШ әскери бөлімшелері бірлескен жаттығуы өтіп жатыр.

Оқу-жаттығу қимылдары Раникхет қаласының маңында жүруде. Екі ел сарбаздары тауға шығу мен бункерлерді жою, жауды барлау, лаңкестерге қарсы операция секілді әректтерге машықтануда. Осымен 14-рет ұйымдастырылып отырған шара 29 қыркүйекке дейін жалғасады.

Айта кеткен жөн, осыдан бірнеше апта бұрын АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Үндістанға сапармен барып, Вашингтон мен Дели қауіпсіздік саласында ынтымақтастық туралы жаңа келісімге қол қойды.

Уильям Грэхэм, АҚШ әскері 1-корпусы қолбасшысының орынбасары:

- Қазіргі жаттығуда америкалық жауынгерлер үндістандық сарбаздардың әскери іс-қимылдары мен шеберліктерін меңгеруде. Олардың ішінде ең қиын тапсырманың бірі – жау бекінген биіктікті шабуылдау.

Хабар 24 телеарнасы