389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ыстамбұлда мотоцикл F-16 әскери ұшағынан озып кетті

  • 379
  • UPD: 15:41, 21.09.2018
Ыстамбұлда мотоцикл F-16 әскери ұшағынан озып кетті

Түркияның Ыстамбұл әуежайында мотоцикл әскери F-16 ұшағы және спорттық көліктермен жарысып, озып кетті.

Шара авиация және ғарыштық технологияларға арналған фестиваль шеңберінде ұйымдастырылды. Нәтижесінде мотоцикл әскери ұшақ пен көліктерден жылдам болып шықты. Kawasaki H2 AP мотоциклімен жарыс жолына шыққан «Әділет» партиясының мүшесі, депутат Кенан Софуоғлы болды. Ол әскери ұшақтан бөлек Tesla электркөлігі, Aston Martin Vantage, Lotus Evora және Формула-1 жарыс көлігімен сайысты. Софуоғлының айтуынша, ол әскери ұшақ және спорттық көлікпен күш сынасуды баяғыдан армандаған. Ал шара биыл қазан айында қолданысқа берілетін Ыстамбұлдағы жаңа әуежайдың ұшу алаңында өтті.

Хабар 24 телеарнасы