387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Иранда әскери шеру кезіндегі лаңкестіктен 8 адам қаза тапты

  • 469
  • UPD: 15:17, 22.09.2018
Иранда әскери шеру кезіндегі лаңкестіктен 8 адам қаза тапты

Иранның Ахваз қаласында әскери шеру кезінде лаңкестік әрекет жасалды.

Салдарынан кемі 8 қарулы күш өкілі қаза тауып, тағы 7-еуі жарақат алған. Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаскөй жиналған адамдарға оқ жаудырған. Әзірге шабуылды кім жасағаны анықталған жоқ.

Айта кеткен жөн, әскери шеру Иранның бірқатар қаласында өтіп жатыр. Шара 1980-1988 жылдар аралығындағы Иран-Ирак соғысын еске алу мақстатында ұйымдастырылған.

Хабар 24 телеарнасы