386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ билігі «Флоренс» дауылынан келген шығынды жариялады

  • 316
  • UPD: 15:21, 22.09.2018
АҚШ билігі «Флоренс» дауылынан келген шығынды жариялады

Табиғаттың тосын мінезінен әсіресе, Солтүстік және Оңтүстік Каролина штаттары қатты зардап шеккен.

Елдегі Moody's Analytics сараптамалық агенттігінің дерегі бойынша шығынды өтеу үшін 50 миллиард доллардай керек. Жойқын дауыл ғимараттарды зақымдап, көліктерді қиратып кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, «Флоренс» Америка Құрама Штаттарында 14 қыркүйекте басталған. Соңғы мәліметке қарағанда, дауыл салдарынан 41 адам қаза тапқан.

Хабар 24 телеарнасы