389,81 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вьетнам президентінің неден көз жұмғаны анықталды

  • 406
  • UPD: 23:25, 22.09.2018

Кеше Вьетнам президенті Чан Дай Куанг сирек кездесетін вирустық аурудан 61 жасында қайтыс болды.

Бұл туралы елдің денсаулық сақтау басқармасының өкілдері хабарлады. Дерек бойынша, мемлекет басшысы өткен жылдың шілде айында ауруға шалдыққан. Осы уақытқа дейін өз елінде, сондай-ақ Жапонияда емделген. Бірақ дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Чан Дай Куанг еңбек жолын тәртіп сақшысы қызметінен бастаған. Кейін Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінде жұмыс істеп, осы ведомствоның басшысы лауазымына дейін жоғарылайды. Ал мемлекет басшысы болып 2 жыл бұрын сайланған.

Хабар 24 телеарнасы