389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мексикада тропикалық дауылдан 170 мың адамның мүлкі қирады

  • 398
  • UPD: 15:19, 23.09.2018
Мексикада тропикалық дауылдан 170 мың адамның мүлкі қирады

Мексиканың солтүстігіндегі Сонора штатында тропикалық дауыл салдарынан 170 мың жергілікті тұрғынның мүлкі қирады.

Жергілікті билік өкілдері осылай деп мәлімеді. Штат губернаторы Клаудия Павлович Арельяно толассыз жауған жауын-шашыннан Эрмосильо, Гуаймас, Кахеме, Аламос және Бакум қалалары зардап шеккенін хабарлады. Қазір апат аймағында қорғаныс күштері мен дәрігерлер жұмыс істеп жатыр. Сонымен қатар ел билігі тік ұшақпен азық-түлік, су және басқа да керек-жарақтарды жіберген.

Естеріңізге сала кетейік, жұма күні осы аймақта табиғаттың тосын мінезінен 4 адам тауып, тағы 3-еуі із-түзсіз жоғалып кеткен болатын. Осы жағдайдан кейін 11 елді мекенде төтенше жағдай жарияланды.

Хабар 24 телеарнасы