389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вьетнамды уақытша вице-президент басқармақ

  • 327
Вьетнамды уақытша вице-президент басқармақ РБК-Украина

Вьетнамды уақытша вице-президент Данг Тхи Нгок Тхинь басқарады.

«Ви Эн Икспрес» басылымы осылай деп хабарлады. Ресми дерекке сүйенсек, 58 жастағы Данг Тхи Нгок Тхинь ең жоғары лауазымға мемлекет Конституциясына сәйкес, Вьетнамның Коммунистік партиясы және Ассамблеясының шешімімен тағайындалып отыр. Айта кететін жайт, бұл – мемлекет тарихындағы әйел адамның тұңғыш рет мемлекет басына келуі. Бірақ ол Ұлттық Ассамблея жаңа президент сайлағанға дейін ғана осы қызметті атқарады. Естеріңізге сала кетейік, 21 қыркүйекте Вьетнамның бұрынғы президенті Чан Дай Куанг сирек кездесетін вирустық аурудан 61 жасында қайтыс болған еді.  

Хабар 24 телеарнасы