389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін

  • 586
  • UPD: 11:13, 24.09.2018
Мұнай бағасы қымбаттауы мүмкін

Мұнайға сұраныс 2023 жылға қарай күніне 104 жарым миллион баррельді құрауы мүмкін.

Бұл туралы ОПЕК болжамына сүйеніп Әлемдік мұнай болжамы 2018 ұйымы өзінің жылдық шолуында баяндады. Мамандардың пікірінше, 2023 жылға қарай қара алтынға сұраныс 2017 жылмен салыстырғанда 7 миллион 300 мың баррельге артады екен. Оған мұнайды тұтынушы елдер экономикасындағы құрылымдық өзгерістер себеп болмақ. Ал қара алтынды экспорттаушы елдер ұйымы келер жылы оны өндіруді қайта шектеуі мүмкін. Бұл туралы кеше Алжирде өткен ОПЕК министрлерінің отырысында айтылды. Сарапшылардың пайымдауынша, 2019 жылы қоймалардағы сақталған мұнайлар артылып, оның бағасына кері әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты мұнайды экспорттаушы елдер ұйымы министрлері биыл қараша айында қара алтынның келер жылға ең тиімді бағамын анықтау үшін тағы бас қосатын болады.

Хабар 24 телеарнасы