387,14 428,20 6.07
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Құс тұмауының жаңа вирусы пайда болды

  • 612
  • UPD: 18:22, 28.09.2018
Құс тұмауының жаңа вирусы пайда болды Homeland Preparedness News

Елімізде менингит белең алса, ал әлем жұрты тағы да қылаң берген құс тұмауынан қауіптене бастады.

Себебі, қытай ғалымдары «құс тұмауы» вирусының жаңа түрін анықтады. Бұл жолғысы тауықтардан емес, үйректен таралатын көрінеді. Оның ішіне үй құстары мен жабайы түрі бар. H7N9 вирусының сипаттамасы мен таралу жолдары «Сэл Хост энд Майкро Байом» журналында жарияланды. Ғалымдардың пікірінше, құс тұмауы эпидемиясының алдын алуға болады. 

Хуалань Чэнь, Харбин ветеринарлық институтының маманы:

- Күтпеген жерден жаңа H7N9 вирусы жасушасының пайда болғанына таң қалып отырмыз. Бұрын вирустың бұл түрі үйректер арасында кездеспейтін еді. Бір қуаныштысы, тауықтарды қорғауға арналған вакцина үйректерге де жарайды екен. Сондықтан, оларға дереу екпе жасатуға кеңес береміз.

Хабар 24 телеарнасы