378,46 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда апаттан қаза тапқандар саны 400-ден асты

  • 471
  • UPD: 11:22, 30.09.2018
Индонезияда апаттан қаза тапқандар саны 400-ден асты

Индонезияда зілзала мен жойқын жел салдарынан қаза тапқандардың саны 400-ден асты.

Табиғаттың тосын мінезінен мыңдаған ғимарат қирап қалған. Қазір аймақта құтқару операциялары жүріп жатыр. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, апаттан әсіресе Палу қаласы зардап шегіп отыр. «Ажал құшқандардың саны өсуі мүмкін», – дейді Индонезия билігінің өкілдері.

Айта кеткен жөн, биыл жазда Индонезияның Ломбок аралында болған екі бірдей жер дүмпуінің зардабын халық әлі күнге дейін тартып отыр. Естеріңізде болса, апаттан 555 тұрғын қаза тауып, 1500 кісі түрлі деңгейде жарақат алған болатын.

Хабар 24 телеарнасы