383,43 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мехикода ежелгі майя өркениетінің қолжазбасы халық назарына ұсынылды

  • 435
Мехикода ежелгі майя өркениетінің қолжазбасы халық назарына ұсынылды

Мехико ұлттық антропология музейінде ежелгі майя өркениетінің қолжазбасы халық назарына ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол «Гролье кодексі» деп аталады және пиктографиямен жазылған. Зерттеушілердің айтуынша, манускрипт 1000 жыл бұрын жасалған. Ал ішіне Шолпан планетасы туралы деректер түсіріліпті. Біраз уақытқа дейін ғалымдар қолжазбаның майя өркениетіне тиесілі екенін дөп басып айта алмай келген еді. Бірақ 2016 жылы АҚШ-тағы Браун университеті бұл болжамды растады. Музейге келушілер көне жәдігерді көзбен көріп қана қоймай, ол туралы толық ақпаратты мультимедиялық материалдардан ала алады.

Хабар 24 телеарнасы