376,42 420,09 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Келесі құрбансың». Ирактың тағы бір аруына қауіп төніп тұр

  • 549
  • UPD: 16:08, 02.10.2018
«Келесі құрбансың». Ирактың тағы бір аруына қауіп төніп тұр atr.ua

Өткен аптада Иракта бұрынғы «Бағдад аруы» атағын иемденген Тара Фаресті атып тастаған еді.

Енді радикалдар тағы бір жергілікті ару Шайма Кассемді қорқытуға кіріскен. Бұл туралы ол ютуб желісіндегі тікелей қосылымда айтып берді. Модельдің сөзінше, оған «Сен – келесі құрбансың» деген хаттар келеді екен. Тара Фарес те ажал құшпай тұрып, осындай қорқытулар келетінін айтып, шағымданған болатын.

Хабар 24 телеарнасы