377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресейлік пианиношы қоқыс арасында өнер көрсетті

  • 1099
  • UPD: 14:50, 02.10.2018
Ресейлік пианиношы қоқыс арасында өнер көрсетті

Ресейлік пианиношы Павел Андреев ғаламшардың тазалығы үшін күресуді насихаттап, қоқыс алаңында өнер көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мақсат – халықтың назарын қоршаған ортаның ластануына аудару. Пианиношы бұл қойылымын «Ғаламшар тынысы» жобасының бір бөлігі шеңберінде жүзеге асырды. Оның айтуынша, мұндай идея оған рояльда Карелияның тау аңғарындағы «Рускеала ұлттық саябағында ойнаған кезде келген. Себебі Андреев адамдарға ғаламның өзге бір жағын көрсетуді көздеген. Айта кетейік, Ресейде қоқыстарды жою мәселесі өткен жылдан бері қызу талқылана бастады. Елдің бірнеше аймағында тұрғындар қоқыс алаңдарын жоюды талап етіп, наразылық шеруін өткізген еді.

Хабар 24 телеарнасы