384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Инфляцияның әлем елдеріне әсері қандай?

  • 586
  • UPD: 23:32, 02.10.2018

Әрине, бағада маусымдық құбылулар болады. Қат тауардың қымбаттайтыны айтпаса да түсінікті.

Ал бағаның, әсіресе, әлеуметтік маңызы бар тауарлардың күрт қымбаттауын болдырмау үшін Үкімет жоғарыда аталған тұрақтандыру қорларын жасақтап келеді,  деп хабарлайды «Хабар 24».

Нәтижесін айттық.

Біздегі инфляция 5-7% деңгейінен асқан жоқ. Ал шет жұрт қайтып күнелтіп жатыр десеңіз, айтайық. Бір мысал. Біздегідей мұнайы көп Венесуэлада жыл басынан бері инфляция деңгейі бір емес, екі емес 10600%-ға жеткен.

Биыл инфляция Аргентина, Венесуэла, Түркия мен Украинаны да сарсаңға салды. Аргентинада жыл басынан бері қымбатшылық деңгейі 24,5%-ға ұлғайды. Әсіресе, азық-түлік пен көліктің бағасы өсті. Салдарынан жалақының көлемі азайып, тұтынушылардың сатып алу қабілеті төмендеген. Сөйтіп, Аргентина билігі тығырықтан шығу үшін Халықаралық валюта қорынан 50 миллиард доллар несие алуға келісті.

Николас Духовне, Аргентина Экономика министрі:

- Біз экономиканың төмендеуі, ұлттық ақшаның құнсыздануы және инфляцияның деңгейі қарапайым халықтың өміріне кері әсерін тигізіп жатқанын білеміз. Бірақ билік те қарап отырған жоқ. Барынша шаралар ұйымдастырып жатыр.

Ал Түрік лирасы жыл басынан бері шамамен 40%-ға құнсызданды. Әсіресе ұлттық валютаның бағамы жаз айында АҚШ пен Түркия қатынасының шиеленісуі кезінде едәуір құлдырады. Дүкен сөрелерінде баға көтеріліп, тұтынушылар азайды.

Муберра Шахин, жергілікті тұрғын:

- Елдегі инфляция салдарынан сатып алу қабілетіміз төмендеп кетті. Барлық тауар қымбаттаған. Кешкі асқа жәй күріштен дайындалатын ас ішудің өзіне шамамен 30 лира кетейін деп тұр. Ет ала алмаймыз. 1 келі ет 80 лираға дейін көтерілген.

Венесуэлада жағдай тіптен нашар. Мемлекет кезінде мұнай бағасының күрт төмендеуімен басталған экономикалық дағдарыстан әлі шыға алмай келеді. Мұндағы инфлция деңгейі өткен жыл басынан 10 мың пайызға шарықтаған. Елді ашаршылық жайлап, тұрғындар өзге елге бас сауғлаап жатыр.

Беатрис Барриос, жергілікті тұрғын:

Қазір жанармай үшін жаңа төлем жүйесін енгізді. Алайда оның кімге тиімді екені әлі белгісіз. Баға болса күн сайын құбылып тұр.

Ал Халықаралық валюта қорының мәлімдеуінше, әлем экономикасы 2011 жылдан бері ең жоғары даму деңгейіне жеткен. Бірақ кей мемлекеттер арасындағы сауда қатынасының шиеленісуі жаһандық экономикаға кері әсерін тигізетін болады. Себебі инвестиция төмендеп, өнеркәсіптер тұралайды.

Авторлары: Дәурен Ақашұлы, Жадыра Джазина

Хабар 24 телеарнасы