384,85 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бельгия астанасында зейнетақы реформасына қарсы ереуіл өтті

  • 424
  • UPD: 13:39, 03.10.2018
Бельгия астанасында зейнетақы реформасына қарсы ереуіл өтті

Брюссель көшелеріне шамамен 4 мыңға жуық адам жиналды.

Ашынған жұрт биліктің зейнеткерлікке шығатын жастың ұлғаюына наразы. Алдағы уақытта ерлер мен әйелдер зейнеткерлікке 67 жастан шығатын болады деп жоспарланып отыр. Шеруді ұйымдастырған кәсіподақ мүшелері болса бұл әділетсіз шешім екенін айтады.

Клаудио Морено, ереуілші:

- Үкіметтің жасап отырғаны ойға қонымсыз. Халықпен келісіп шешім қабылдағысы жоқ. Билік өкілдері пікірімізге құлақ асқысы келмейді.

Бельгия өзінің жеңілдетілген зейнетақы реформасымен танымал. Алайда қазір ел билігі өзге Еуропа елдері сыңайлы заңды қатаңдату шараларын енгізуді жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы