383,69 432.40 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Путин зейнетке шығу жасын ұлғайту туралы заңға қол қойды

  • 560
  • UPD: 15:51, 04.10.2018

Ресей Президенті Владимир Путин зейнетке шығу жасын ұлғайту туралы жарлыққа қол қойды.

Жаңа заң кезең-кезеңмен 2019 жылдан бастап іске асады. Құжатқа сәйкес, енді зейнетке шығу жасы әйелдер үшін 55-тен 60-қа ал ерлер үшін 60-тан 65-ке дейін ұлғайтылады. Шара 10 жылға созылмақ. Яғни әр жыл сайын зейнетке шығу жасы жарты жылға көбейіп отырады. Сонымен қатар жасы тақап қалған азаматты қызметтен босатуға қатысты қылмыстық жаза қатаңдатылып, жемқорлардан алынған ақшаны зейнетақы қорына жіберу керек деген заңға қол қойылды.

Хабар 24 телеарнасы