384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нидерландтағы халықаралық ұйымға кибершабуыл жасалмақ болған

  • 369
  • UPD: 23:11, 04.10.2018
Нидерландтағы халықаралық ұйымға кибершабуыл жасалмақ болған

Нидерланд билігі сәуір айында Ресейдің 4 азаматын елден шығарғанын мәлімдеді.

Олар осы елдегі Химиялық қаруға тыйым салу ұйымына кибершабуыл жасап, оның Wi-Fi желісіне кірмек болған. Заңсыз операцияны Ресейдің бас барлау басқармасы ұйымдастырған-мыс.

Еске сала кетейік, биыл жыл басында Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы Солсбери қаласында Скрипальдарға жасалған қастандық пен Сириядағы химиялық шабуылды тергеуге жұмылдырылған еді. Қыркүйек айында ақпарат құралдары Нидерландта 2 ресейлік тыңшы ұсталып, елден шығарылды деген ақпарат таратқан. Ол жолы күдіктілер Швейцариядағы әскери зертханаға кибершабуыл жасауды ойластырды делінген.

Хабар 24 телеарнасы