385,16 427,30 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда жанартаулар атқылады

  • 807
  • UPD: 07:31, 05.10.2018
Индонезияда жанартаулар атқылады blogspot.com

Жойқын жер сілкінісі болған Индонезияда енді жанартаулар оянып жатыр.

Тернате аралында Гамалама жанартауы атқылап, одан шашыраған күл 250 метр биіктікке дейін жетті. Құзыретті органның мәлімдеуінше, жанартаудың атқылауына дейін аймақта 8 жер дүмпуі тіркелген. Бұған дейін Сулавеси аралында Сопутан жанартауы атқылаған еді. Осыған байлансты жергілікті билік тұрғындарды қауіпті аймаққа жақын бармауға шақырып отыр.

Еске сала кетейік, өткен жұма күні осы аралдың Палу қаласына жақын жерде 6,1 балдық жер сілкінісі болып, шаһарға 2 метрлік толқындар соқты. Табиғат апатынан 1 мың 400-ден астам адам қаза тапты. Тағы 70 мыңнан астам тұрғын баспанасыз қалды. Апат аймағында іздестіру-құтқару жұмыстары осы кезге дейін жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы