377,29 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Индонезияда зілзаладан қаза тапқандар саны 2000-ға жуықтады

  • 609
Индонезияда зілзаладан қаза тапқандар саны 2000-ға жуықтады svoboda.org

Индонезиядағы жер сілкінісі мен цунами салдарынан қаза тапқандардың саны артып, 1763-ке жетті.

Тағы 5 мың тұрғын із-түзсіз жоғалып, табылмай жатыр. Мұны елдің табиғи апат салдарымен күрес жөніндегі ұлттық басқармасы мәлімдеді. Бұған дейін зілзаладан 1 жарым мың адамның көз жұмғанын хабарлаған едік. Қазір апат болған аймақта іздестіру-құтқару жұмыстары әлі де жүріп жатыр. Еске салайық, қыркүйектің 28-і күні Сулавеси аралындағы Палу қаласына жақын жерде қуаты 6,1 балдық жер сілкінісі болған еді. 

Хабар 24 телеарнасы