386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркияда саудиялық журналисті консулдыққа барған жерден арабтар өздері өлтірген

  • 644
  • UPD: 16:50, 20.10.2018
Түркияда саудиялық журналисті консулдыққа барған жерден арабтар өздері өлтірген Infidel Bloggers Alliance

Ыстамбұлда Сауд Арабиясының журналисі Джамаль Хашагджи 2 қазаннан бері хабар-ошарсыз кетті.

Reuters хабарлауынша, сол күні Хашагджи өз елінің консулдығына бас сұққан. Журналист дипломатиялық ғимараттан некеге қатысты құжат алмақ болыпты. Артынша Хашоггиден мүлде хабар болмай қалған.

Полиция мәліметінше, журналисті Сауд Арабиясы консулдығының ішінде өлтірген. Ал мәйітті ғимараттан жасырын түрде шығарып, көміп тастаған. Осы оқиға болар алдында консулдыққа Сауд Арабиясынан 15 ер адам келіпті. Суыт жүрісті жолаушылар екі ұшақпен жеткен. Және олардың келу уақыты мен Хашагджидің құжат алуға барған күні тура сәйкес келіп тұр. Он бес адам артынша елдеріне қайтадан аттанып кеткен.

Айта кету керек, Джамаль Хашагджи Сауд Арабиясынан шетелге кеткен оппозиционер журналист. Сондай-ақ ол Сауд Арабиясы барлау қызметі бастығының кеңесшісі қызметін атқарған.

Оқиғаға байланысты саудиялық елші Түркияның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы