377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ұлыбританияда нашар еститіндерге арналған көзілдірік шығарылды

  • 395
  • UPD: 19:12, 12.10.2018

Лондонның ұлттық театрында есту қабілеті нашар адамдарға тосын сый жасалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді мүмкіндігі шектеулі жандар арнайы көзілдірік арқылы актерлердің әрбір сөзін анық ести алады. Жаңа көзілдіріктің панелінде актердің әрекетімен синхронды түрде субтитр шығады. Интерфейсті адам өзіне ыңғайлы етіп түзетуге мүмкіндігі бар. Мамандардың айтуынша, «ақылды көзілдірік» әлі талай рет тесттен өтуі керек. Болашақта оны микрофон арқылы да жетілдірмек. Осылайша, тіпті соңғы қатарларда отырған көрермен қойылымның мағынасын толық ұғына бата алады.

Хабар 24 телеарнасы