378,62 431.00 6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ресей қытайлық туристермен сауданы қолма-қол ақшасыз жүргізіп жатыр

  • 384
  • UPD: 10:28, 13.10.2018

Қытайдың қолма-қол ақшасыз есептесу жүйесі Ресейде үлкен сұранысқа ие болды. Айталық, АлиПэй немесе ВичатПэй бағдарламасы арқылы ақшаны тез аударуға болады.

Осы жүйелер арқылы шет елдерде жасалынған төлем саны миллионнан асып жығылады. 

Ресейдің бағалы бұйымдар мен танымал брэнд дүкендері қытайлық туристердің көңілін табуға тырысады. Баға мен сапаға бірдей мән беретін шетелдік сатып алушылар қызмет көрсету деңгейін де ерекше бағалайды. Сол себепті де төлем жасаудың үйреншікті жолын таңдайды. 

Ван Хэ, қытайлық турист:

- Өз елімде Алипэй жүйесін қолданамын. Маған сол ыңғайлы, дәмхана, дүкен, сауда орталықтарында осы арқылы есептесемін.  

Алипэй төлем жүйесі Мәскеудің орталық сауда үйінде осы көктемде ғана пайда болды. Жуырда Вичатпэй атты тағы жүйе іске қосылған. 

Александр Павлов, сауда үйінің операциялық директоры:

- Бұл мақсатта Қытайдың кеңесшілерінің қызметіне жүгіндік.Техникалық жағынан еш қиындық туған жоқ, қытай мамандары оны тездетіп іске қосуға көмектесті. Біраз уақытымыз оны сынауға кеткенімен, қазір барлығы да жақсы жүмыс істеп тұр. 

Төлем жасау жолы өте оңай: сатып алушы тек ұялы телефонындағы қосымшаны ғана пайдаланады. 

- Төлейтін сомаңыз 4  мың 995 рубль, қалай төлемексіз?

- ВичатПэй 

Жүйе бір сәтте ғана QR-кодты таниды. Сатушы кассалық  аппаратта керек түймені басып, экранды сканерлеп шығады. Осыдан кейін ақша есеп-шоттан аударылады. Бұл операция небәрі 30 секундта орындалады. Осындай төлем жүйесі арқылы Қытайда тағам түрлері мен мейрамханадағы үстелге  алдын-ала тапсырыс беріп, демалыс сапарын ұйымдастыруға болады. Ал Ресейге келгенде қытайлық туристер ақша айырбастауда біраз үнемдеп қалады. Юаньнан долларға, ал доллардан Ресей рубліне аударудың еш қажеті жоқ. 

Ли Линьхун, Қытай туристі:

- Бұл өте ыңғайлы, өзіңмен бірге ақша алып жүрмейсің. Егер де әмияның не болмаса төлем картасын үйде қалдырып кетсең, онда жай ғана телефон арқылы кез-келген нәрсеңді алып төлей бересің.

Қымбат киім мен аяқ киім дүкендерінен бөлек АлиПэй жүйесін енді азық-түлік дүкендері мен банктер де енгізуді жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы