383,01 431.47 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мелания Трамп: Маған десең бәрібір

  • 411
  • UPD: 12:31, 13.10.2018

АҚШ-тағы Бірінші ханым өз қылығын түсіндіріп те берді.

Мелания Трамп жаз кезінде АҚШ шекарасындағы жасөспірімдерді ұстау орталығына барғанда оның үстінде жасыл түс күртеше болған. Бірақ мәселе киімнің түсінде емес, оның «арқасындағы» жазуда болып отыр. ABC News хабарлайды.

Күртешесіндегі «Маған десең бәрібір» деген жазу жұрт назарын елеңдеткен еді. Енді уақыт күздің ортасына таяған кезде Мелания мұндай жазуға түсініктеме берді. Оның айтуынша, бұл жазудың балаларға ешбір қатысы жоқ. Әрекетін оны «отырса опақ, тұрса сопақ қылып жүрген» солшыл либералды БАҚ-қа бағыттапты.

«Оларға «маған десең бәрібір» дегім келді. Мені қанша сынап-мінесеңдер де нені дұрыс деп тапсам, соны істей беретін боламын», - деді ол.

Трамп медианы жалпы адамның киіміне емес, оның іс-әрекетіне қарап, бағалауға шақырды.

Аударған: Г.Абилова

Хабар 24 телеарнасы