384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гималайда бір топ альпинист қаза тапты

  • 474
  • UPD: 07:29, 15.10.2018
Гималайда бір топ альпинист қаза тапты

Гималайда қар көшкіні жүріп, 7 альпинисті басып қалды.

Олардың өлі денесін бірінші болып жергілікті тұрғындар кездестірген. Содан кейін құтқарушыларға хабарлаған. Алайда 4 непалдық гид пен 5 оңтүстіккореялық альпинистен тұрған топтың 2 мүшесі әлі табылмай жатыр. Мамандар көшкін жүрген ауданға дереу тікұшақпен барғанмен ауа райының қолайсыздығынан қона алмай кері қайтуға мәжбүр болды. Қазір іздестіру-құтқару жұмыстары қайта жүріп жатыр. Құтқарушылардың айтуынша, бұл топтың лагері 3 жарым мың метр биіктікте болған. Бірақ кенеттен қар борап, таудан көшкін жүрген.

Хабар 24 телеарнасы