384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Венгрияда баскетбол ойнайтын піл өмір сүреді

  • 995
Венгрияда баскетбол ойнайтын піл өмір сүреді

Венгрияның Будапешт қаласында баскетболмен айналысатын піл бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Рене Касселли есімді цирк жаттықтырушысы өз жануарын себетке доп салып үйреткен. Тек ол ғана емес, сүтқоректі тағы түрлі трюктер жасай алады. Рененің айтуынша, Кимба жасының егде болғанына қарамастан, берілген тапсырманы тез қағып алатын, епті піл. Бүгінде Кимбаның жағдайы жақсы. Зообақтағыдай күтім мен тамақтану режимі бар. Алдағы уақытта жануар иесі Кимбаға спорттың өзге де түрлерін үйретуді жоспарлап отыр.

Хабар 24 телеарнасы